Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

Бүгін Оралда түс ауа Циолковский көшесіндегі 5 қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтердің бірінен өрт шықты. Артынша газ ауа қоспасы жарылды. Қатты дүмпуден терезе жақтауы мен балкон қирады. Тілсіз жау ауыздықталды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
———————————————