Алматы облысында 80-нен астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысында 80-нен астам адам қар құрсауында қалды.
Қыстың көзі қырауда қиындыққа тап болған жолаушылар құтқарылды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары Еңбекшіқазақ ауданында, Космос – Базаркелді, Қырбалтабай – Ақжал және Бөлек – БАК автожолы бағыттарында 45 адамды эвакуациялады. 20 жеңіл және 1 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Іле ауданындағы Қонаев – Құрты, тасжолында да қар құрсауында қалған 43 адам және 20 жеңіл автокөлік құтқарылды.
———————————————