Полицейлер баланы басынан нұқыған логопедтің әрекетін тексеріп жатыр

Қарағандылық полицейлер 44 жастағы логопедтің әрекетін тексеріп жатыр. Педагог оқушының басынан нұқып қалған. Баласын сабаққа әкелген әкесі жасырын түсіріп алған бейнежазба осы.

Айта кетейік, логопед – сөйлеуінде қиындығы бар адаммен жұмыс істейтін, тілдік дағдыны жетілдіретін маман. Әлеуметтік желіге таралған видеодан соң, әйел- қызметін тоқтатты.
———————————————