Ақмола облысында «рухани орталық» құрған діни топтың қызметі тоқтатылды

Ақмола облысында «рухани орталық» құрған діни топтың қызметі тоқтатылды. Онда ретсіз жыныстық қатынастар мен отбасылық құндылықтардан бас тарту идеялары дәріптелген. Ал облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Хасеновтың айтуынша, мұндай діни ұйым да, бірлестік те еш жерде тіркелмеген. Бурабай курортты аймағындағы жалдамалы үйде орналасып, жұртты адастырмақ болғандардың қай жақтан келгені әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛІ:
– Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар және ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
———————————————