Оралда байланыс тарифін негізсіз көтерген үш компанияға айыппұл салынды

Әлеуметтік желі әлеуметті баурап алды. Бүгінде еңкейген кәрі де, еңбектеген сәби де ғаламтордың ғажайыптарына жіпсіз байланды. Алайда тұтынушыларға көрсетілетін қызмет қаншалықты сапалы? Тиісті сала мамандары Батыс Қазақстан облысындағы үш ұялы байланыс операторының жұмысына жоспардан тыс, 21 рет тексеріс жүргізген. Сөйтіп, 38,2 миллион теңге айыппұл салынған. Ұялы байланыс операторларына кемшіліктерді жою туралы хат жолданған. «Алайда байланыстың сапалы болуына түрлі кедергі бар», — дейді мамандар. Солардың бірі – тұрғындар тарапынан жиі кездесетін радиофобия. Соңғы уақытта денсаулыққа зиян келеді деген желеумен, өз үйлері аумағында мұнара орнатуға қарсылық көбейген.

ЕРҒАЛИ ЕРЖАНОВ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
– Екінші мәселе, сертификатталмаған ұялы байланыс күшейткіштерін қолдануы. Ол көбіне ауылдық жерлерде немесе қаланың шет жақтарында орналатылады. Яғни ауылда да барлық инфраструктура құрылып, қойылғанымен, кейбір тұрғындар оны қолданып келеді.
———————————————