Қорғаныс министрлігі «Дегелек» ұшқышсыз ұшу аппаратын таныстырды

Көпмақсатты «Дегелек» ұшқышсыз ұшу аппараты. Алматыда Қорғаныс министрлігі басты жаңалығымен бөлісті. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жасалған бұл дрон барлау жүргізуге, оқу-жаттығу нысанасы ретінде қолдануға, жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.
Институттың технопаркінде әзірленген. Журналистерге дронға қарсы жүйе мен радиоэлектрондық күрес құралдары секілді, өзге де әскери технология таныстырылды.

НҰРТАС ҚАБАҚОВ, ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТ БАСШЫСЫ:
– Үлкен қаражат бөлінеді, самолет, вертолеттер ұшады. «Дегелек» арқылы олардың дайындығын тексеруге болады. Қазір осы жұмыстарды атқарып жатырмыз.
———————————————