Ұстаздардың интеллектуалды додасы. Елордада 20 өңірден келген бастауыш сыныптардың 130-ға жуық мұғалімі «Зияткер ұстаз» республикалық турнирінде өзара бақ сынады. 2 миллион теңге жүлде қоры тігілген сайысты Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған. Шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың шахмат пәні бойынша кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі әдістемелік базаны нығайту.
Айта кетейік, білім берудегі шахмат жобасы елімізде шахматты дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып келеді.
АЙЖАН РЫСМАМБЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
– Жоспар бойынша 2023 – 2027 оқу жылдарында арасында 1400 мектепке шахмат сабағы енгізілуі керек болатын. 2025 жылы шахмат сабағы 1500 мектепке енгізіліп отыр. 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отырмыз. 2800 мұғалім шахматтан біліктілікті арттыру курстарына қатысып, шахмат сабағын беріп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.