Баланы басынан нұқыған логопедтің әрекеті тексеріліп жатыр | 12.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҮЙЛЕРІ КҮЛГЕ АЙНАЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында үйлері өртеніп кеткен 16 отбасы далада қалды. Билік өтемақы төлеуден бас тартты. Неге?

ЛОГОПЕД ДӨРЕКІЛІГІ
Қарағандылық полицейлер балаға физикалық қысым көрсеткен логопедті тексеріп жатыр. 44 жастағы педагогтың әрекетін оқушының әкесі жасырын түсіріп алған.

БАЙЛАНЫС БАҒАСЫН ШАРЫҚТАТҚАН
Оралда интернет сапасына қатысты 21 рет жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тарифті негізсіз көтерген үш байланыс компаниясына айыппұл салынды.

БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ СЕНІМ
Қазақстан Президенті Ашхабадтағы форумда БҰҰ жүйесін реформалау бойынша нақты ұсыныс дайындайтын «пікірлес топ» құруды ұсынды.

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА
Музейге арналған дүкен. Астанада тәуелсіздік күні қарсаңында сауда орны көк тудың түсіне боялып, дүйім жұртты таңғалдырды.