Сафи қаласындағы су тасқынынан 21 адам қайтыс болды

Сафи қаласындағы су тасқынынан 21 адам қайтыс болды. Мароккода болған табиғат апатынан 70-ке жуық үй мен коммерциялық нысан суға кетті. Оншақты көлікті тасқын ағызып әкеткен. Қазір қалада көлік қозғалысы кідіріп тұр. Құтқарушылар хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіріп жатыр. Шығын көлемі есептелгеннен кейін, тұрғындарға қажет көмек көрсетіледі.
———————————————