Астанада тағы бір құрылысшы биіктен құлап, қаза тапты. Полицейлердің хабарлауынша, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің қасбетін жөндеп жатқан жұмысшы 7-қабаттан құлаған. 41 жастағы азамат алған жарақатынан тіл тартпай кетті. Алдын ала болжам бойынша, аспалы көтергіштің арқаны үзіліп кеткен. Қазір қауіпсіздік талаптарының сақталмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.