Австралияда мейрам кезінде әкесі мен баласы халыққа оқ жаудырған

Ханука мейрамындағы қанды оқиға.
Сиднейдің Бонди-бич жағалауында тапа тал түсте- бейқам жұртқа оқ жаудырған екеу – әкелі-балалы болып шықты. Австралия билігі атыстан 16 адамның қаза тапқанын айтты. Тағы 40 кісі жараланған. Арасында полицейлер де бар. Бұл террористік шабуыл деп бағаланып отыр. Жағажай маңындағы саябақта мыңнан астам адам жиналған. Куәгерлердің айтуынша, атыс шамамен 10 минутқа созылған. Елде аза тұту жарияланып, мемлекеттік тулар төмен түсірілді.
———————————————