АҚШ университетінде болған атыстан екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Браун университеті аумағында болған атыстан екі адам қаза тапты.
Оның бірі – Өзбекстан азаматы. Тағы тоғыз азаматтың жарақат алғаны белгілі. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оқ атқан адам – 24 жастағы әскери қызметкер. Әзірге оның бейбіт тұрғындарға не себепті оқ жаудырғаны белгісіз. Тергеу амалдары қолға алынып, қанды оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетейік, АҚШ-та жыл басынан бері 400-ге жуық атыс болды.
———————————————