Астанада аяқ-тобық хирургиясы бойынша алғашқы ұлттық конференция өтті

Астанада аяқ және тобық буыны хирургиясының қазіргі жағдайы және даму жолдарына арналған ұлттық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат – аяқ пен тобық буыны жарақаттары, деформациялар, диабеттік аяқ және балалар ортопедиясын зерттеп, дамыту. Әр өңірден жиналған мамандар саладағы басқа да мәселелерді талқылап, емдеу стандарттарын жетілдіруге мән берді. Жиын барысында медициналық жабдықтар мен технологиялардың көрмесі ұйымдастырылды.

ЕРСІН ЖҮНІСОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒО БАС ДИРЕКТОРЫ:
– Жас дәрігерлер қатысып жатыр. Профессорлар, тәжірибелі дәрігерлер өздерінің технологияларын көрсетіп жатыр. Әсіресе халықаралық деңгейдегі инновациялық технологияларды қазіргі Қазақстандағы ортопедия, трафмотология саласына енгізудің нәтижелері талқылануда. Сондықтан мұндай арнайы бағытталған ғылыми тәжірибелік конференциялар біз үшін, мамандар үшін өте маңызды.
———————————————