«Калифарния», Мирас Жүгінісов, «Альфа» тобы. Оларды не біріктіреді деп ойлайсыз? Осы жас қазақстандық жұлдыздардың барлығы «Жетінші арнадағы» жаңа жылдық эфирдің қонақтары болады.
Жаңа жыл кешінде «Жетінші арна» көрерменін «Қайрат» командасының қақпашыларымен болған эксклюзив сұхбат қана емес, басқа да көптеген қызық күтіп тұр. Шоу бағдарламаға жас қазақстандық өнерпаздар қонаққа келеді. Солардың бірі – ALPHA тобы. Қазірдің өзінде топтың өз тыңдарманы бар. Соңғы төрт жылда гастрольдік сапарлар мен жеке концерттер олардың фан-базасын бірнеше есе арттырды. Енді олар әлемдік сахнада бағын сынап көрмек.
«Жетінші арна» көрермені жас өнерпаздардың тарихын өз аузынан естиді. Олар шығармашылық жолын баяндап, биік белесті бағындыру бағытын әңгімелейді. Шоу бағдарламада биылғы жарқын сәттермен бөлісіп, ескі жылды қорытындылайды.
Жаңа жылдық кешке Калифарния мен Мирас Жүгінісов сынды жұлдыздар қонақ болады. Жалпы «Жетінші арна» бұл жолы жаңа жұлдыздарға, енді танылып келе жатқан жас таланттарға да ерекше ден қояды.
РУСЛАН ТҰРСЫНБАЕВ, ШОУ РЕЖИССЕРІ:
– Осы жылы арнайы «Жетінші арнаға» жаңа техника алдырттық. Ең үздік топ жұлдыздарды шақырдық. Сол үшін осы жылы «Жетінші арнада» жаңа жыл өте керемет өтеді деп ойлаймын.
Эксклюзив сұхбаттар, байқаулар, жұлдыздардың шынайы сырлары, сүйікті әншілердің хиттері – мұның бәрі мерекелік күндері «Жетінші арнада»!
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.