Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АРҚАН ҮЗІЛДІ
Арқанмен бірге үзілген ғұмыр. Астанада тұрғын үйдің қасбетін жөндеп жатқан жұмысшы биіктен құлап, мерт болды. Ол ілініп тұрған арқан үзіліп кеткен. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік ережесі сақталмаған деген күдік бар.
ЖОЛДА ҚАУІП КӨБЕЙДІ
Табиғат тыншымай тұр. Көп аймақта қар жауып, қатты боран соқты. Көктайғақ орнады. Жол жабылып, біраз жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Үйлердің шатыры ұшып, мүлік қирады. Оқушылар онлайн оқуға көшті.
ӘКЕ МЕН БАЛА ЛАҢ САЛДЫ
Ханука мейрамындағы қанды оқиға. Сиднейде тапа тал түсте бейқам жұртқа оқ жаудырған екеу – әкелі-балалы болып шықты. Австралия билігі атыстан 16 адамның қаза тапқанын айтты. Тағы 40 кісі жараланған. Полиция бұл жағдайды террористік шабуыл деп бағалады.
ЦИФРЛЫҚ ӘСКЕР
Қазақ армиясы тың технологияның тегеурініне төтеп беру үшін цифрлық жүйеге көшіп жатыр. Сала мамандары жасанды зейіннің қабілетін зерттеп, әскердің айбынын асырудың амалын тапқан. Жаңа жүйемен арнамыздың түсіру тобы да танысты.
ЕСКІ ХИТ ҺӘМ ЕСТІ ӘН
Астана мен Алматы көгінде 90-жылдардың жан тебірентер әуені әуеледі. Ауқымды ретро-фестивальге барлығы 24 мың көрермен жиналды. Өнерсүйер қауым ескі хитке билеп, есті әнге елітті.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.