Алматы – Бангкок рейсінде шетел азаматтары төбелес шығарды

Алматы – Бангкок рейсінде төрт шетел азаматы төбелес шығарды.

Олардың екеуі масаң күйде болған. Көліктегі полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бәрі ұшақтан түсірілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Төбелес шығарғандардың екеуі қазір қамауда.

Алматыдан Астанаға бағыт алған «Эйр Астана» компаниясының ұшағында да бүгін оқыс оқиға болды. Салонда түтін шыққан. Осыған байланысты экипаж мүшелері апаттық дабыл белгісін қосты. Кейін әуе кемесі шұғыл түрде Алматыға оралған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жайттың мән-жайы анықталып жатыр.

ТІЛЕК АБДРАХИМОВ, AIR ASTANA АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:
– Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және ұшақтағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісіне пайда болуына байланысты ұшақ командирі осындай шешімді қабылдады. Ұшақ штаттық режимде 07:40-та Алматыға қонды. Жолаушыларға ыстық және салқындатылған сусындар мен тіскебасарлар ұсынылды. Олар сағат 10:15-те басқа ұшақпен Алматыдан Астанаға аттандырылды. Осы оқиғаға байланысты техникалық тексерістің рәсімі жүргізіліп жатыр.
———————————————