Солтүстік Қазақстан облысында қаз етінің ірі партиясын заңсыз сатпақ болған азамат ұсталды. Шаховское ауылында пастереллез ауруының өршуіне байланысты үй құсы жаппай қырылған еді. Сондықтан елді мекенде шектеу шаралары енгізілген. Алайда жергілікті тұрғындардың бірі оны елемей, өнімді жасырын түрде алып шыққан. Жоспар жүзеге аспады. Жүк көлігін тоқтатқан полицейлер оның ешқандай рұқсат құжаты болмағанын анықтады. Әзірге өнімде инфекция бар-жоғы белгісіз. Ол арнайы сараптамадан кейін белгілі болады. Бәрі жақсы болса, өнім иесіне қайтарылады. Ал егер қауіпті індет анықталса, сезікті айыппұл арқалайды. Жалпы еске салайын, соңғы мәлімет бойынша, Щаховское ауылында қырылған құс саны 7 мыңнан асады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.