Қазақстандағы жұмыссыз азаматтарға 118 жарым млрд теңге төленді. Бұл – жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілген жәрдемақы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, желтоқсанның біріндегі жағдай бойынша, жәрдемақы алушы саны 331 мың адамнан асқан. Оның 290 мыңы төлемді биыл рәсімдеген. Жалпы, әлеуметтік төлем бір айдан жарты жылға дейін бекітіледі. Оның көлемі азаматтың айырылған табысының 45%-на дейін жетуі мүмкін. Төлемді eGov.kz немесе электронды еңбек биржасында рәсімдеуге болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.