Дәрігер тапшылығы 20% азайды

Дәрігер тапшылығы 20% азайды. Биыл 10 мыңнан аса маман медициналық жоғары оқу орындарын бітірді. Оның мың жарымға жуығы ауылға барып, жұмыс істеп жатыр. Былтыр қазан айынан бері 254 дәрігерге 8 жарым миллион теңге біржолғы ақшалай жәрдемақы төленді. Төлем ауылдық Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 16 өткір тапшылық мамандықтарына берілді. Осы шаралардың нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда, дәрігер тапшылығы 20%, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7% азайған.
———————————————