Еліміздегі алғашқы медициналық имплант өндірісі Шығыс Қазақстан облысында іске қосылмақ. Жерігілікті техникалық университет ғалымдары қазір тіс және сүйекке арналған 6 түрлі протезді модельдеп, арнайы сынақтан өткізіп жатыр. Мамандар шикізат ретінде тантал металын қолдануда. Айтуларынша, өнім шетелдік баламасынан үш есе арзан болмақ. Адам ағзасына тікелей енгізілетін импланттан бөлек, ғалымдар сол бұйымдарды орнатуға арналған қажет құрал-жабдықтарды да жасап жатыр. Енді алдағы уақытта өңірдің нейрохирургтары мен онкологтары еліміздің жетекші клиникаларымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
БАҒДАТ АЗАМАТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:
– Импланттардың барлығы шетелден келеді. 90 пайыздан астамы шетелдік. Өзіміздің Қазақстанда мұндай өндіріс жоқ. Бұл жоғары технологиялық өндіріс болып саналады. Бұл жерге көптеген мықты компитенция керек. Яғни ол адам ағзасына орнатылғаннан кейін өте күрделі процесс болып саналады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.