Ақтауда көмір тотығы шекті мөлшерден асырылған

Ақтауда соңғы күндері тұрғындарды мазалаған жағымсыз иістің себебі белгілі бола бастады. Экологтар жүргізген тексеріс нәтижесінде, көміртек тотығы бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асу фактісі анықталды. Экология департаментінің мәліметінше, 15–16 желтоқсан күндері қала аумағында және оған іргелес елді мекендерде ауа сапасына мониторинг жүргізілген. Жағымсыз иістің таралу ошағы өнеркәсіптік аймақта, оның ішінде «Рекон» базасының аумағында тіркелген. Дәл осы жерде көміртек тотығы шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткен. Тексеру жұмыстары жалғасады.
———————————————