Семейлік пародист Родион Галиев дәнекерлеуші мамандығын меңгерген

Семейлік 46 жастағы Родион Галиев – көпшілікке пародист әрі шығармашылық тұлға ретінде таныс. Енді ол өзін мүлде жаңа қырынан көрсетіп жүр. Өнер иесі пандемия кезінде қиындық туған шақта қысқамерзімді курсқа жазылып, дәнекерлеуші мамандығын меңгерген. Қазір ол металдан тұрмыстық және сәндік бұйымдар жасап, жаңа кәсібін шығармашылық жұмыспен тең санайды.

Үйін жөндеп жүрген Родион қазір жеке шеберханасын жабдықтап жатыр. Өнер саласында білім алғанымен, қол еңбегіне деген қызығушылығы бала кезден бар екенін айтады. Пандемия кезінде шығармашылық кеш тоқтап, тапсырыс азайған тұста жаңа мамандық алуға бел буған. Сол арқылы отбасын асырауға мүмкіндік тауыпты.

РОДИОН ГАЛИЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
– Екі мамандығым бар. Алғашқысы – қойылым режиссері. Екіншісі – 4-разрядты дәнекерлеуші. Жігіттердің ортасында өзімді мықты маман сезінгім келді. Бүгінде бұл – өте қажет кәсіп.

Родион мәдени іс-шарадан да алыстаған жоқ. Биыл «Музей түні» шарасында А.С. Пушкин образын сомдаған. Ал бос уақытында металдан қақпа, мангал, тор, құрал-сайман секілді бұйымдар жасап жүр. Қазір тіпті ұсталық ісін де меңгере бастаған.

РОДИОН ГАЛИЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
– Металды иію де, режиссуралық та – өнер. Мангал, қақпа, күрек сияқты талай дүние жасадым, бәрін санап үлгермеймін.

Абай облысында дәнекерлеушіге сұраныс жылдан-жылға артты. Өйткені өңірде құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

ЕРКЕБҰЛАН ТҰРСЫН, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
– Жалпы жұмыс берушілердің өтімі негізінде 57 азамат оқуын аяқтады. Азаматтарымыздың барығы толыққанды 45 мың шамасында степендиямен қамтамасыз етілді. Әрбір азамат өзіне лайықты жұмыс орындарын тапты.

Шалғайдағы ауылға арнайы жылжымалы оқу орталығы барып оқытады. Көшпелі шеберханасы да іске қосылған. Кез келген тұрғын жақын маңдағы мансап орталығына барып, курсқа жазыла алады.
———————————————