Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӘУЕДЕГІ ҚАУІП
Алматы – Бангкок рейсінде төбелес болды.
Шетел азаматтары сөзге келіп қалған. Ал Air Astana-ның Алматыдан елордаға бет алған ұшағы әуежайға қайтадан шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебін сәлден соң айтамыз.
ЖАСЫРЫН САУДА
Солтүстік Қазақстан облысында қаз етін жасырын сатпақ болған азамат ұсталды. Шаховское ауылында пастереллез ауруының өршуіне байланысты шектеу енгізілген. Алайда жергілікті тұрғын оны елемей, пайдаға кенелгісі келген.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЕРКІНДІК
Қазақстанның энергетикалық картасында атом электр станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау кезінде осылай мәлімдеді.
ДӘРІГЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ЗАҢ
Дәрігерді ұрып соққандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тиісті заң жобасын бүгін Төменгі палата мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендерге тағы қандай жаза қолдану ұсынылып отыр?
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ
Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. Қаңтар-қараша айларының нәтижесі бойынша жалпы ішкі өнімде өсім бар. Дегенмен бірқатар өңірде экономикаға инвестиция тарту қарқыны баяу. Республикалық бюджеттің атқарулы барысында да кілтипан бар.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.