Шымкентте үш жасар бала 16 магнитті жұтып қойды. Осыдан кейін бүлдіршіннің жағдайы нашарлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Рентген арқылы оның асқазанында бөгде заттардың бар екені анықталып, дереу операция жасалған. Қазір балғынның жағдайы тұрақты. Мамандар ата-аналарды абай болуға шақырады. Ойын баласына ойыншықтан бөгде затты ұстатпауға кеңес береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.