Ақтөбелік жылқышы қарызынан құтылуы үшін мал ұрлаған

Ақтөбеде мал ұрлығы әшкереленді. Мұғалжар ауданында еркін жайылымда жүрген жерінен 13 бас жылқыны айдап әкеткен 59 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ер адам осылайша қарызынан құтылмақ болған. Мал иесі шығынды 9 миллион теңгеге бағалап отыр. Күдікті жылқышы болып шықты. Ол жылқыларды көрші ауданға айдап апарып, бір бөлігін малы жоғалып кеткен адамдарға таратып берген. Тағы бірнешеуін соғымға сойып алған. Аман қалғаны екі бас жылқы ғана. Полиция қылмыстық іс қозғады. Енді ол 12 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы, не бостандығы шектелуі, болмаса 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
———————————————