Мемлекет басшысы Жапонияға кеше кешке барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Ал Император бұл сапар екі елдің байланыс тарихында елеулі оқиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді. Президент құрметіне Император атынан ресми қабылдау өтті. Мұнан соң, Мемлекет басшысы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. Бұл киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан. Кешенмен танысқан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.