Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында 9 жарым мың оқушыға есептелген жаңадан 27 білім ордасы салынып, іске қосылды. Солардың 9-ы «Келешек меткептері» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Сөйтіп, аймақтағы үш ауысымды 4 және апатты деп танылған 10 мектептің мәселесі түпкілікті шешілді. Жыл соңына дейін Орал қаласы мен Бөрлі ауданында тағы да 3 білім ордасы ашылмақ. Қазір өңірде үш ауысымдық 8 және апатты 8 мектеп бар. «Мәселе- алдағы жылдары шешімін табады», — дейді мамандар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.