Астанада салынған «Келешек мектеп» саны рекордты көрсеткішке жетті

Астанада салынған «Келешек мектеп» саны рекордты көрсеткішке жетті. Елордада 2024-2025 жылдары 23 мектептің құрылысы аяқталды. 2024 жылы екі ауысымда 56 800 оқушыға арналған 16 заманауи мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл қаладағы 6 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге, сондай-ақ 9 білім беру ұйымындағы оқушы тығыздығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Қала әкімдігі осылай хабарлады. Биыл тағы 7 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 мектептегі үш ауысымды оқыту толық жойылды.
———————————————