Петропавлда қайтарылған активтер есебінен балабақша салынды

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда 280 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. Мекеме шаhарға кіре берістегі «Жас өркен» шағын ауданында бой түзеді. Оның құрылысына арнайы қордан 2 млрд теңге бағытталды.

Айта кетейік, «Жас өркен» –жаңадан құрылған аудандардың бірі. Бұрын бұл жеке сектор болатын. Ал халық балаларын қаланың басқа шетіне тасымалдауға мәжбүр еді. Енді мәселе шешімін тапты. Жалпы, облыс орталығында қазір мыңнан аса бала балабақша кезегінде тұр.
———————————————