Петропавлда мамандандырылған өрт сөндіру депосы ашылды. Бұл – өңірде соңғы 50 жылда бой көтерген алғашқы кешен. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысанды тұрғызу үшін бюджеттен 2 миллиардқа жуық қаржы бағытталды. Бүгінде аймақта бас-аяғы 27 өрт сөндіру бөлімі болса, оның тек 7-і ғана соңғы үлгідегі талапқа сай. Қалғаны бейімделмеген ғимараттарда орналасқан.
Береке – қалада қарқынды дамып келе жатқан аудандандың бірі. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандар да бой көтеруде. Халық саны 3 мыңнан асады. Бұрынғы өрт сөндіру бөлімі болса, ескі мәдениет үйінің ғимаратында болған еді. Енді, міне, жаңасы салынды. Оған қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған құтқарушы Алтынбек Әбдірахмановтың есімі берілді.
Депо соңғы үлгідегі талаптарға сай келеді. Жеке жасақтың спортпен шұғылданып, тынығуына да жағдай жасалған. Жоба құны 2 миллиард теңгеге жуықтайды. Шара барсында бірнеше қызметтік көлік пен пәтер кілтері табысталды.
ЖӘНИЯ СПАЕНА, ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ РАДИОТЕЛЕФОНИСІ:
– Жолдасым екеуміз азаматтық қорғау органдарда жұмыс атқарамыз. Жолдасым – 20 жылдан аса, менің жұмыс істегеніме — 6 жыл болды. Осы қызметтік пәтерді алар алдында біз жалдамалы пәтерде тұрдық. Бұл – үлкен қуаныш.
Қазір аймақта 27 өрт сөндіру бөлімі бар. Оның тек 7-і ғана типтік. Қалғаны бейімделмеген ғимараттарда орналасқан.
Аталған бөлімшеде 40-қа жуық құтқарушы жұмыс істейді. Ал болашақта аймақта ТЖМ-нің авиациялық-құтқару жасағы құрылады деген жоспар бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.