Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдейді. Көлік министрлігі бұл бағыттағы тәртіпті жеңілдетпек. Қазіргі ереже бойынша жүргізуші ақылы жолдың ақшасын бір апта ішінде төлемесе, келесі күні іс материалдары көліктік бақылау органдарына жіберілетін. Енді жеке тұлғаларға төлем жасауға бір ай уақыт беріледі. Егер осы мерзімде төлем жасалмаса, материалдар 31-күні ғана әкімшілік тәртіппен қарауға жолданады. Дегенмен Мәжіліс депутаттары ақылы жол операторларын атқарылған жұмыс есебін интернет ресурстарында жариялауды міндеттеу қажет деп санайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.