Өскеменде көше жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады

Өскеменде көше жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады. Жоба аясында шамамен 6 мыңнан астам шам ауыстырылмақ. Шаhарға 2020 жылы орнатылғандары қазір бірінен соң бірі істен шығып жатыр. Ал апаттық бригадалар оны ретке келтіріп үлгермеуде. Сондықтан жергілікті әкімдік мердігер ұйымды сотқа берді. Ал болашақта энергия үнемдейтін, қозғалыс датчигімен қамтылған отандық «ақылды шамдар» орнатылмақ. Жалпы, Өскемен мен Семей қалалары үшін бұл құрылғыларды сатып алуға 5 млрд теңге бөлінді.
———————————————