Оралда жаңа қоқыс полигоны салынады

Орал қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жалғыз полигон жұмыс істеп тұр. Ол да 1975 жылы ашылған, аумағы – 35 гектар. Бүгінде қоқысқа толған және жазда жиі өрт шығады. Қосымша тер телімі рәсімделіп, пайдалану мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылған болатын. Бұл мәселені түпкілікті шешу үшін шетелдік екі компаниямен келіссөз жүріп жатыр. Олар қалдықтарды сұрыптайтын, қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін жететін кешен салуды ұсынған. Одан әрі қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату да жоспарда бар. Қазір жобаның сметалық құжаты жасақталған. Тиісті уәкілетті органдар рәсімдеуді бастады. Әкімдік жер телімін бөлген. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр.
———————————————