Шыршаны кескендер айыппұл арқалайды

Жаңа жыл жақындағанда шырша сатып, шаш етектен пайда табуды көздейтіндер де бар. Жамбыл облысында «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Оның аясында қаланың қақ ортасындағы қылқан жапырақты ағашты кесіп алған кәсіпкер жауапқа тартылды. Оның бұл әрекетін көріп қалған тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Ағаш кесуші шырша бизнес-нысанын қалқалап тұрғанын айтып ақталған. Полицейлер оның бұл әрекетін заңсыз деп танып, 118 мың теңге айыппұл салды.
———————————————