1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесі өзгереді

1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне маңызды өзгерістер енеді. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтар жоспарлы медициналық қызметтерді толық алады. Қазір Қазақстанда 17 млн адам жүйеде сақтандырылған. Бұл – халықтың 82%-дан астамы. Оның 12 миллионнан астамы жеңілдік берілген санатқа жатады. Ал 4,5 млн азамат жарнаны өз бетінше төлейді. Жаңа жылдан бастап МӘМС пакеті кеңейеді.
———————————————