Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ПЕРІШТЕСІ ҚАҚТЫ
Абай болыңыз. Ойын баласына ойыншықтан бөгде затты ұстатпаңыз. Шымкентте үш жасар бүлдіршін 16 магнитті жұтып қойды. Дәрігерлер оны аман алып қалды.
ЕРІКСІЗ ҚОНДЫ
Алматы – Бангкок бағытындағы рейс Делиге мәжбүрлі түрде қонды. Оған техникалық ақау себеп. Бұл –соңғы екі күнде еріксіз қонған Эйр Астананың екінші ұшағы.
АҚЫЛЫ ЖОЛ
Ақылы жолға өзгеріс енгізіледі. Депутаттар барлық операторды интернетте онлайн есеп беруге шақырды.
ВОЛОНТЕР ШЕКАРА АСАДЫ
Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс шетелге қанат жайды. 2026 жыл халықаралық волонтер жылы деп жарияланды.
РОБОТ-ХИРУРГ
Қарағандылық дәрігерлер роботтың көмегімен адамның миына операция жасап жатыр. Ерекше әрі нәзік құрылғының құны – 400 млн теңге.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.