Елімізде көлік саны 5,9 млн-ға жетті

Елімізде көлік саны 5,9 млн-ға жетті. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімет таратты. Бұл – 1 желтоқсанға дейінгі дерек. Оның 4,8 млн-ны – жеңіл автомобиль. Аймақтар бойынша Алматы көш бастап тұр. Онда 718 мыңнан астам көлік тіркелген. Одан кейін Алматы облысы мен Астана қаласы өкшелейді. Түркістан және Қарағанды облыстарында да машина көп. Автомобиль ең аз өңір – Ұлытау облысы. Ондағы көлік саны 33 мыңнан сәл асады.
———————————————