АҚШ-тың Вашингтон штатында біраз елді мекен су астында қалды

АҚШ-тың Вашингтон штатында 10 күннен бері толассыз жауын жауып, біраз елді мекен су астында қалды. Аймақта төтенше жағдай жарияланған. Қазір 400 мыңнан астам үйде жарық жоқ. Мыңнан аса адам эвакуацияланды. Скагит өзенінің бойындағы тағы 100 мың тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіру жөнінде бұйрық берілді.
———————————————