Токиода «Орталық Азия – Жапония» саммиті өтеді

Ертең Токиода «Орталық Азия – Жапония» саммиті өтеді. Оған мемлекет басшысы қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстаннан бөлек, саммитке Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары қатысады деп жоспарланған. Жиында жасанды интеллект саласында жаңа ынтымақтастық құрылымы жасақталады деген болжам бар. Тараптар Орталық Азия мен Еуропаны Каспий теңізі арқылы жалғайтын транспорттық маршрутты дамытуды үйлестіруді келіседі.
———————————————