Ақтөбе облысында 400 мың теңге пара алды деп айыпталған Хромтау қаласының бұрынғы әкімі айыппұлмен құтылды. Сот оған 12 миллион теңге төлеуді бұйырды. 40 жастағы Сағындық Шабықбаев мемлекеттік сатып алу аясында атқарылған жұмыстарды еш кедергісіз қабылдап беру үшін мердігерден ақша алған. Экс-әкімге өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Айта кетейік, ол бұл іске жалғыз өзі емес, делдалдың көмегімен барған. Делдал ретінде қатысқан азамат та пара алуға көмектескені үшін 12 миллион теңге айыппұл арқалады. Сағындық Шабықбаев Хромтау қаласының әкімі болып екі жыл бұрын өткен сайлауда жеңіске жеткен. Ал биыл қараша айының басында пара алды деген күдікпен ұсталды. Хромтаудың жаңа әкімін сайлау 2026 жылдың 11 қаңтарына белгіленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.