Шымкенттегі тұрғын үй кезегі: биыл ешкімге баспана берілмеген

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 90 мыңнан астам азамат тұр. Жыл санап кезекке тұрғандар саны көбейіп жатса да, биыл ешкімге үй берілмеген. Жауапты мамандардың айтуынша, бұған дайын үйлердің жоқтығы себеп. Олардың дерегінше, қазір кезегі келген 184 азаматты жалдамалы баспанамен қамту мәселесі қарастырылып жатыр. «Олар жыл соңына дейін үйлі болып қалуы мүмкін», — дейді.
———————————————