Батыс Қазақстан облысында бораннан келтірілген зардап әлі есептеліп жатыр. Төрт адам үсіктен өлсе, бірнеше ауданда әлеуметтік нысандарға зиян келген. Адасып, аман-есен табылғандар да бар. Қазталов ауданында ақтүтек бораннан ыққан бір үйір жылқы Саралжын ауылы маңындағы сорға батқан. Суыққа шыдамаған жануарлардың басым бөлігі мұзға қатып қалған. Қазір өңірде өзге де өлген малдардың есебі алынуда. Ал сорға батқан жылқылардың кімге тиесілі екендігі әзірге белгісіз. Жергілікті әкімдік бұл оқиғаны растады. Олар тұрғындарға ауа райының бұзылатындығын ескертіп, малдарын ауылға жақын маңда жаю керектігін айттық деп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.