Мұзға жабысып қалған аққуларды ауыл азаматы құтқарып қалды

Аққулардың бірі мұзға жабысып қалған. Ал сыңары оны тастап кетуге қимай, қасында қалған. Ауыл тұрғыны Бауыржан Жақыпов қанаттыларды құтқарып, қамқорлығына алды. Қазір ол аталығын «Мәңгілік», аналығын «Махаббат» деп атап, бақылап отыр. Құстарды аймақтық ветеринарлар да тексеруден өткізген. Ауыл азаматы қос аққуға арнайы орын дайындап, пеш орнатқан. Қазір қасиетті құстардың жай-күйі жақсарып келеді. Көп ұзамай табиғат жанашыры қос аққуды қорыққа өткізбек.
———————————————