Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОҢҒЫ ТҮН
Бүгін Талдықорған сотында марқұм Айзат Жұманованың ауруханаға жеткізілгендегі жағдайын растайтын бейнежазба көрсетілді. Айта кетейік, оқиға жаздыгүні Ақсу ауданының Баласаз ауылында болған. Күйеуі түн ортасында әйелін өлімші етіп ұрып-соққан.
TIK TOK-ҚА ТЫЙЫМ
Қазақстанда Тик ток-қа тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр. 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қою көзделіп отыр. Қазір мамандар шектеу енгізудің жолы мен тәсілін қарастыруда.
АСТАНА & ТОКИО
Астана мен Токио арасында мызғымас әріптестік орнайды. Екі қала басшылығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келіссөз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында өтті.
ӘКІМГЕ ҮКІМ
Ақтөбе облысына қарасты Хромтау қаласының экс-әкіміне 12 млн теңге айыппұл салынды. Сот осындай үкім кесті. Айта кетейік, шаһардың бұрынғы басшысына 400 мың теңге пара алды деген айып тағылған.
АРАМ ҚАТТЫ
Батыс Қазақстан облысында ақтүтек бораннан ыққан бір үйір жылқы Саралжын ауылы маңында сорға батты. Суыққа шыдамаған жануарлардың басым бөлігі мұзға қатып қалған. Жылқылардың кімге тиесілі екендігі әзірге белгісіз.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.