Біріккен Араб әмірлігінде су тасқыны болды

Біріккен Араб әмірлігінде су тасқыны болды. Үздіксіз жауған жаңбыр әсіресе Рас-эль-Хейм, Сакр порты, сондай-ақ Жабаль әр-Рахба және Жабаль-Джейс таулы аймақтарына айтарлықтай нұқсан келтірген. Елдің ең ірі туристік орталығы Дубайды да су басты. Қауіпсіздік үшін билік саябақтар мен қоғамдық жағажайларды жапты. Ал Шаржыдағы индустриалды парк ауданында тоққа түсіп, мерт болған екі адамның өлімін полиция тергеп жатыр. Мамандар тұрғындарға су басқан аумақтардан аулақ болып, алысқа шықпауға шақырады.
———————————————