Оқытушысын пышақтаған студент қамауға алынды

Алматыда жоғары оқу орындарының бірінде студент оқытушыға пышақ жарақатын салды.
Студенттің бұл әрекеті алған бағасына байланысты болуы мүмкін деген болжам айтылған. Кейіннен, зардап шеккен оқытушының, ол студентке сабақ бермейтіні белгілі болды. Басқа кафедрада оқиды екен. Ал мұғалімнің алған жарақаты жеңіл болып, ауруханадан үйіне жіберілді. Күдікті кешікпей ұсталды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталмыш дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай жатып ұсталып, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән жайлары анықталуда.
———————————————