Бүгін Астанада тіс емханасында көз жұмған үш жасар қыз баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс бойынша анестезиолог Аида Жұмағалиева кінәлі деп танылды. Сот шешіміне сәйкес, ол екі жылға бас бостандығынан айырылып, үш жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан шеттетілді. Алайда айыпталушы Конституцияның 30 жылдығына байланысты қабылданған рақымшылыққа ілігіп, негізгі жазадан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай былтыр қазанда болған. Дәрігерлер бүлдіршіннің бірден 18 тісін емдеу үшін жалпы наркоз қолданған. Үш жарым сағатқа созылған операциядан кейін бала есін жимастан көз жұмды. Айта кетейік, айыптаушы тарап анестезиологқа төрт жыл жаза сұраған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.