СҚО-да алимент төлеуден жалтарған 12 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған 12 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазір өңірде туған перзентіне көмектесуден қасақана қашып жүрген 300-ден астам борышкер бар. Олардың жалпы қарызы 400 миллион теңгегеден асып кеткен. Сондықтан жауаптылар түрлі шектеу шаралары арқылы оларды тезге салуда. Айта кетейік, аймақта алименттің әлегі әлі күнге дейін өзекті. Іздеуде жүргендері де бар. Жалпы, жыл басынан бері сот орындаушылар 10 мыңнан астам істі қараған.
ҚАРЛЫҒАШ АБАЕВА, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ:
— Облыс бойынша 207 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни оларға айыппұл салынып, есепшоттары толығымен бұғатталды. 12 борышкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарылып жүрген жандар қазір көлік құралын басқару құқығынан шектетілуде.
———————————————