Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің рейтингінде 56-орында

Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің рейтингінде 56 орынға тұрақтады. Биыл еліміз Global Peace Index 2025 рейтингінде қауіпсіздік пен бейбіт өмір сүру деңгейі бойынша үздік 60 елдің қатарына енді. Бұл зерттеуді жыл сайын Экономика және бейбітшілік институты жүргізеді. Индекс әлем халқының 99,7 пайызын, 163 мемлекет пен аумақты қамтиды. Бағалау 23 көрсеткішке негізделген. Негізгі үш топ: қоғамдық қауіпсіздік пен қорғалу деңгейі, ішкі және халықаралық қақтығыстардың болуы және милитаризация деңгейі. Рейтинг көшбасшысы – Исландия, бұл орынды- 17 жыл қатарынан сақтап келеді. Ал алғашқы бестікке Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Швейцария енген. Ал қауіпсіздік деңгейі ең төмен елдердің бестігіне Ресей, Украина, Судан, Конго Демократиялық Республикасы және Йемен кірді.
———————————————