Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Оның айтуынша биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты. Президент ұйым төрағасы міндетін табысты атқарғаны үшін Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға алғыс айтты. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды. Айта кетейін, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2% ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы 600 миллион доллар, 2024 жылы – 4 миллиард доллар). Өнеркәсіп өнімі 29% артып, 1,5 триллион долларды құрады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.